Сақтандыру төлемдеріне кепілдік берудің тиімді жүйесін құру және дамыту арқылы сақтандыру нарығына қатысушылардың мүдделерін, сондай-ақ жазатайым оқиға орнынан қашып кеткен жазатайым оқиғадан зардап шеккен жеке тұлғалардың мүліктік құқықтары мен заңды мүдделерін толықтай қорғау.

Басты бетБіз туралы

Біз туралы

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы БСН: 030840002921 сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылған пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады..

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және құрылтай құжаттары негізінде өз қызметін жүзеге асырады және Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама



2003

 


"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) сақтанушыларға мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.03 ж. № 258 қаулысы негізінде 2003 жылғы тамызда құрылды. Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу 14.08.2003 жылы жүргізілді (№57331-1910-АҚ куәлігі).

Қордың құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін реттеу, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының қорға қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындау мақсатында 03.06.2003 жылғы №423-II "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының  24.09.2003 жылғы №345 қаулысымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты.

2005

 

2005 жылғы 5 желтоқсанда Қор тауар белгісін ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеді (№19398 тауар белгісіне куәлік).

2008

 

2008 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұлғасындағы жалғыз құрылтайшы – Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарына 50 000 дана мөлшеріндегі өз акцияларының 100% -ын сату туралы шешім қабылдады.

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Заңның 1- бабы 11-тармағының талаптарын орындау мақсатында Қорға қатысушы – сақтандыру ұйымдарының Меморандумда айқындалған мөлшерде қор акцияларын сатып алу жөніндегі ниеттері туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға қордың қатысушылары – 31 сақтандыру ұйымы қол қойды.

2008 жылдың 01 қазанынан бастап қатысушы - сақтандыру компаниялары Қордың акционерлері болды.

Қор "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сақтандыру компанияларының акционерлерімен бір мезгілде: көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты адам анықталмаған жағдайларда жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі қосымша функцияға ие болды.

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz