Сақтандыру форумы 2026
«Жаңа көкжиектер. Нарықты жаңғырту және сенім үшін күрес»
Өтетін күні: 2026 жылғы 17 қыркүйек
Өтетін орны: Алматы қаласы, InterContinental Almaty қонақ үйі
Ұйымдастырушы: «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ
Қолдауымен: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Форумның титулдық демеушілері: «BCC Life» ӨСК» АҚ және «BCC Insurance» СК» АҚ

Қазақстанның сақтандыру секторы түбегейлі трансформация кезеңінен өтуде. Жаңа макроэкономикалық сын-қатерлер жағдайында саланың және жалпы ұлттық бизнестің алдында ауқымды міндеттер тұр. Олардың қатарында реттеушілік реформаларға бейімделу, нарықтың тұрақтылығын арттыру және институционалдық сенім деңгейін айтарлықтай күшейту мәселелері бар.
Kazakhstan Insurance Forum 2026 — өңірдегі реттеуші органдардың бірінші басшыларын, банктер мен сақтандыру компанияларының топ-менеджерлерін, логистика саласының өкілдерін, инвесторлар мен халықаралық сарапшыларды бір алаңға тоғыстыратын негізгі диалогтық платформа.
Форум «BCC Life» ӨСК» АҚ және «BCC Insurance» СК» АҚ-ның негізгі қолдауымен өтеді. Аталған компаниялар технологиялық даму мен сенімділікке жоғары стандарттар қалыптастырып отырған қаржы-сақтандыру тобының көшбасшылары ретінде нарықтың трансформациялық үдерістеріне белсенді үлес қосуда.
2026 жылдың басты контексті
Форум Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі сақтандыру секторын дамыту бағдарламасын практикалық іске асыру басталған және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа тұжырымдамалық редакциясы әзірленіп жатқан кезеңде өтеді.
Форумға қатысудың басты себебіЗаңнамадағы өзгерістерді бағалаңыз
Заңнамалық реформаларды әзірлеушілермен және нарық реттеушісімен тікелей диалог орнатыңыз.
Коммерциялық бизнес үшін құндылық
Заңнамадағы жаңа талаптар мен сақтандыру құралдарының компания тәуекелдерін төмендетуге, мүлікті қорғауға және төтенше жағдайлар кезінде шығындарды оңтайландыруға қалай ықпал ететінін түсініңіз.
Бизнес активтеріңізді қорғаңыз
Корпоративтік тәуекелдерді, коммерциялық жылжымайтын мүлікті, жүктерді және сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру бойынша практикалық шешімдермен танысыңыз.
Жаңа қаржылық құралдарды ашыңыз
Корпоративтік әлеуметтік пакеттерді оңтайландыру және өтімділікті басқару үшін банк, зейнетақы және сақтандыру өнімдерінің (ӨСЖ/ЖСЖ) интеграциялану мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Халықаралық нарыққа шығыңыз
Шекарааралық сақтандырудың және Ұлы Жібек жолы бағыттарындағы логистиканы қорғаудың дайын модельдерімен танысыңыз.
Тиімді нетворкинг
200-ден астам басшыны, инвесторды және шешім қабылдайтын негізгі тұлғаларды бір алаңда кездестіріңіз.
Негізгі сессиялар мен спикерлер
09:35–09:50 | Стратегиялық кіріспе баяндама
Мәдина Әбілқасымова — ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы.
09:50–11:05 | 1-панель. «Стратегия 2030: заңнамалық даму және трансформация векторлары»
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының жаңа тұжырымдамалық редакциясы, пруденциялық стандарттарды қайта қарау және нарықты капиталдандыру тетіктері жан-жақты талқыланады.
Спикерлер:
Нұржан Тұрсынханов (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі), Бақыт Сұлтанов (Еуразиялық экономикалық комиссия), Арман Касенов (ҚР Ұлттық экономика министрлігі), Вусал Гурбанов (Әзербайжан Орталық банкі), Ярослав Захаров (Oliver Wyman), Данита Паттемор (IAIS).
Модератор: Родольфо Верхан (W&W Consulting).
11:25–11:45 | Арнайы халықаралық баяндама
Пол Петрелли — сарапшы-консультант (Канада).
11:45–13:00 | 2-панель. «Өмір жоспар бойынша өтпейді: Болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?»
Азаматтардың ұзақ мерзімді жинақтарын қалыптастыру және кадрларды ұстап қалу үшін банк, зейнетақы және сақтандыру құралдарының өзара ықпалдастығы ашық пікірталас форматында талқыланады.
Спикерлер:
Асель Әмірбаева (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі), Жанат Құрманов (БЖЗҚ), Адиль Мұхамеджанов (KASE), Анастасия Овсянникова («Банк ЦентрКредит» АҚ вице-президенті), Гүлжан Джақсымбетова («BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы).
Модератор: Елдар Абдразақов (Centras Group).
14:20–15:35 | 3-панель. «Ұлы Жібек жолының сақтандыру белдеуі: түркі нарықтарының интеграциясы»
Turkic World Insurance Union-ын дамыту жөніндегі практикалық қадамдар, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы транзиттік жүктерді сақтандыру, инфрақұрылымдық инвестициялар және табиғи апаттар тәуекелдерінен (NatCat) қорғау мәселелері талқыланады.
Спикерлер:
Абас Мискарли (Әзербайжан), Ахмет Яшар (Түркия), Бөрте Барласоғлу (Солтүстік Кипр), Питер Чой (Sinoasia B&R), Санат Абенов («Қазақ Елі Логистика»).
Модератор: Виталий Веревкин (Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығы).
15:35–16:50 | 4-панель. Қазақстан актуарийлерінің конгресі: актуарлық мектепке 25 жыл
Халықаралық тәуекелдерді бағалау стандарттарына, кадрлар сабақтастығына және цифрлық аналитикаға арналған мерейтойлық сессия.
Спикерлер:
Мэтью Хилл (CII, Ұлыбритания), Джоана Аморим (ACTEX Learning), Гаянэ Арсенян (IAA).
Модератор: Айдар Аукенов (Қазақстан Актуарийлер қоғамы).
Форумға кімдер қатыса алады?
Нақты сектор мен коммерциялық бизнес өкілдері — заңнамадағы өзгерістер туралы алғашқылардың бірі болып біліп, реформалардың өз саласына ықпалын бағалау және корпоративтік активтерді қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін.
Компаниялардың бірінші басшылары мен CEO — құқықтық өзгерістерге уақтылы бейімделіп, кәсіпкерлік тәуекелдерді барынша азайту үшін.
Қаржы директорлары (CFO) мен тәуекел-менеджерлер (CRO) — орнықты қаржылық модельдерді қалыптастырып, өтімділікті тиімді басқару үшін.
Логистика, сауда және сыртқы экономикалық қызмет салаларындағы компаниялардың басшылары — халықаралық тасымалдар мен жеткізу тізбектеріндегі тәуекелдерді азайту үшін.
Қаржы секторының қатысушылары (ЕВБ, KASE, сақтандыру компаниялары, брокерлер) — жаңа серіктестіктер орнатып, өнімдік желіні кеңейту үшін.
Ақпараттық әріптес

Қатысу шарттары
Форумға қатысу — ТЕГІН.
Залдағы орын саны шектеулі.








