Enbek білім беру платформасы жаңа актуарлық курстармен толықтырылды
01.07.2025 10:25 UTC+5
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры актуарийлерді даярлаудың ұлттық жүйесін дамытуды жалғастыруда.
skills.enbek.kz платформасында актуарийлерді оқытудың міндетті минималды бағдарламасы аясында жаңа онлайн-курс орналастырылған.
Жаңа курс:
«Сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау». В бөлігі
Тақырыбы:
Бөлім қаржылық есептілік пен сақтандыру саласын реттеудің негізгі мәселелеріне арналған. Бағдарламада:
- қаржылық есептіліктің құрылымы мен талдауы;
- сақтандыру ұйымдарының активтері мен міндеттемелерін жоспарлау;
- тәуекелдерді ескере отырып капиталға қойылатын талаптар;
- халықаралық стандарттар (IFRS, Solvency I/II);
- тәуекелге бағдарланған қадағалау қағидаттары;
- реттеу жүйесіндегі актуарийдің рөлі;
- ҚР сақтандыру, салық салу және бухгалтерлік есеп бойынша өзекті заңнамасы.
Кімдерге арналған:
- экономикалық және техникалық мамандықтардың студенттері мен түлектері,
- сақтандыру, зейнетақы қорлары және қаржы саласындағы мамандар,
- талдамалық тереңдікке және кәсіби өсуге ұмтылатындардың барлығы.
Enbek платформасы актуарийлерді даярлаудың міндетті бағдарламасына кіретін курстармен жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Қордың skills.enbek.kz және ipgf.kz сайтында жаңартуларды қадағалаңыз.
Басқа жаңалықтар
2026 жылғы 14 сәуірге тағайындалған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күнін ауыстыру туралы хабарлама
06.03.2026 14:21 UTC+5
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
02.03.2026 15:28 UTC+5
Баспасөз релизі: Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры актуарийлерді даярлауға арналған толық онлайн-білім беру бағдарламасын іске қосты
14.11.2025 09:46 UTC+5








