Бурабаев Ерлан Омурзаковичты еске алу
12.04.2025 09:35 UTC+5
Терең қайғы мен орны толмас қазаға байланысты «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Бурабаев Ерлан Омурзакович 2025 жылғы 11 сәуірде 55 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден озғандығы жайлы хабарлаймыз.
Ерлан Омурзакович – өзінің кәсіби өмірін қаржы нарығын дамытуға, қаржы тұрақтылығын нығайтуға және Қазақстан Республикасының сақтандыру секторын қалыптастыруға арнаған көрнекті қаржыгер еді.
Оның жоғары кәсібилігі, стратегиялық ойлауы және экономикалық процестерді терең түсінуі әріптестері, серіктестері және кең кәсіби аудитория арасында лайықты құрметке ие болды.
Оның көшбасшылығы мен сараптамалық тәсілінің арқасында сақтандыру және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі саласындағы шешуші бастамалар жүзеге асырылып, елдің қаржы жүйесіне азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етті.
Ерлан Омурзакович жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Орны толмас қайғыға байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.