Жаңа мобильді сақтандыру қызметі «Еврохаттама» Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум - Digital Bridge 2023 көрмесінде ұсынылды.
12.10.2023 17:38 UTC+5
12-13 қазанда Қазақстанның астанасында «Digital Bridge 2023» халықаралық форумы өтіп жатыр, оның басты тақырыбы қазіргі әлемдегі жасанды интеллект – Artificial and Human Intelligence: The right balance (Жасанды және адами интеллект: дұрыс балланс). Халықаралық форум дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, әлемдік компаниялардың жетекшілерінің, ІТ-инновациялар саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылардың, өңірдің венчурлық инвесторларының қатысуымен өтеді.
12 қазанда Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум – Digital Bridge 2023 аясында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру саласындағы жаңа мобильді қызмет – Еурохаттаманы таныстырды.
Еурохаттама – жеңіл жол-көлік оқиғалары кезінде автокөлікті міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін өңдеудің оңайлатылған тәртібі. Ол ресми түрде 2024 жылдың 1 қаңтарында іске қосылады.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры оны техникалық жүзеге асырумен айналысатын «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-мен бірге цифрлық қызметтің үйлестірушісі және тапсырыс берушісі болып табылады.
Егер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зардап шеккен тараптың автокөлігін қалпына келтірудің сметалық құны 369 мың теңгеден аспаса, жол-көлік оқиғасы салдарынан азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келмесе, тек көлік құралдары зақымдалған (басқа мүлікке зақым келтірмесе) және екі қатысушының да жазатайым оқиғалардың жауапкершілігі сақтандырылған жағдайда еурохаттамасы қолданылуы мүмкін.
Жүргізушілер мобильді қосымшада жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды онлайн толтырудың оңайлатылған процедурасынан өтуі қажет. Жүргізушілер арасында келтірілген шығынның тізімі мен жол-көлік оқиғасының мән-жайына қатысты келіспеушіліктер болмау тиіс.
Мобильді қосымшада сақтандыру жағдайын тіркеу биометриялық жеке сәйкестендіру және құжаттарды цифрлық сәйкестендіруден, фото және бейнематериалдарды жүктегеннен кейін мүмкін болады. Сақтандыру ұйымдары төлемдерді жәбірленушінің банктік шотына тіркелген цифрлық құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Еурохаттаманы тіркеу жүргізушілерге апатты әдеттегі тіркеумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтар береді:
- Ыңғайлы рәсімдеу;
- Зардап шеккен тарап сақтандыру компаниясына әдеттегі процедурадағыдай, көп құжаттарды жинамайды;
- Жүргізушілер жол полициясына қоңырау шалып, күтумен уақыт жоғалтпайды;
- Сақтандыру төлемін алу тиімділігі – 6 күнге дейін;
- Жолдағы көлік қозғалысына және жол полициясына жүктеме азаяды;
Басқа сақтандыру ұйымдары да өздерінің цифрлық қызметтерін жасай алады. Тұтынушы ең қолайлы қызметті таңдау мүмкіндігіне ие болады.