«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Басқармасының құрамына өзгерістер еңгізу туралы

18.03.2024  20:57 UTC+5

2024 жылғы 18 наурызда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Директорлар кеңесінің отырысы өтті, онда ұйымның одан әрі дамуы үшін маңызды шешім қабылданды. №5 хаттамада тіркелген дауыс беру нәтижелері бойынша Қор Басқармасының жаңа төрағасы болып Бурабаев Ерлан Өмірзақұлы сайланды. Ерлан Өмірзақұлы 2024 жылдың 28 наурызынан бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қызметін атқара бастайды.

Жаңа төраға қызметінің негізгі басымдықтары Қазақстанның сақтандыру нарығындағы негізгі серіктестермен және ойыншылармен өзара іс-қимылды күшейту, Қор жобаларының тиімділігін арттыру және оның тиісті салалардағы ықпалын кеңейту болады. Ерлан Өмірзақұлы Бурабаев 30 жыл ішінде Қазақстанның қаржы жүйесіне елеулі үлес қосты. 1994 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2003-2009 жылдар аралығында Бурабаев Е.О. бағалы қағаздар нарығында және зейнетақы секторында жұмыс істейтін компанияларда жетекшілік етті. 2009-2014 жылдар аралығында сақтандыру компанияларын басқарды, негізгі басшылық қызметтерді атқарды. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ерлан Өмірзақұлы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сақтандыру және қор нарықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz