"Сәлем" Сақтандыру компаниясы"АҚ кредиторларына "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ кепілдік төлемдерін жүзеге асыру басталғаны туралы хабарлайды

12.07.2019  10:00 UTC+5

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) келесіні хабарлайды.

2019 жылғы 24 маусымда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Сәлем "Сақтандыру компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "Сәлем" сақтандыру компаниясы) мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енуіне байланысты Қор "Сәлем" сақтандыру компаниясының кредиторларына көлік құралдары иелерінің, тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және туристерді міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген күннен бастап Қор "Сәлем" сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша "Сәлем" сақтандыру компаниясының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды;

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қор кепілдік төлемдерін жүзеге асыру туралы өтінішті жоғарыда көрсетілген күннен бастап екі ай ішінде, яғни 2019 жылғы 24 тамызға дейін қабылдайтын болады.

Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру туралы өтініштерді Қор Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7 мекенжайы бойынша қабылдайды.

Анықтама – +7 (727) 393 2570 телефоны немесе fgsv@fgsv.kz электрондық поштасы арқылы 
 

 

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz