"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры "АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
25.09.2019 10:00 UTC+5
Құрметті "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ акционерлері,
осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор), Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7 мекенжайында орналасқан, өз акционерлеріне Қордың Директорлар Кеңесінің шешіміне (2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 13 (з) сырттай дауыс беру хаттамасы) сәйкес Қор акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі–жиналыс) өткізу туралы хабарлайды.
Жиналыс "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес Қор акционерлерінің сырттай дауыс беруі арқылы 2019 жылғы 11 қарашада алынған бюллетеньдер бойынша дауыстарды санау арқылы өткізіледі.
Дауыс беру қорытындыларын шығарған кезде жиналыста сырттай дауыс беруге арналған қор акционерлерінің 2019 жылғы 11 қарашадағы Алматы уақытымен 18.00-ге дейін алған бюллетеньдер ескерілетін болады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар Қор акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 25 қыркүйектегі Алматы уақытымен 00.00-дегі жағдай бойынша жасалды.
* * *
Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Жиналыстың күн тәртібі
2019 жылға Қордағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау үшін аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
* * *
Анықтама телефоны: +7 (727) 393 2570 (ішкі 105).