"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры "АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы
04.10.2019 10:00 UTC+5
Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры " АҚ (бұдан әрі – Қор), Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7 мекенжайы бойынша орналасқан, өз акционерлеріне Қордың Директорлар Кеңесінің шешіміне (2019 жылғы 01 қазандағы № 14 отырыс хаттамасы) сәйкес Қор акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі– жиналыс) өткізу туралы хабарлайды. Жиналыс Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 36 бабына сәйкес өткізіледі.
Жиналыс 2019 жылғы 05 қарашада Алматы уақытымен сағат 15.00-де Қордың конференц-залында (Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7, 2-қабат) өтеді.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 05 қарашада Алматы уақытымен сағат 14.30-да жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады.
Кворум болмаған жағдайда Қор акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы 2019 жылғы 06 қарашада Алматы уақытымен сағат 15.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізілетін болады. Қор акционерлерінің қайталама жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 2019 жылғы 06 қарашада Алматы уақытымен сағат 14.30-да оның өткізілетін жері бойынша жүзеге асырылады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар қор акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 02 қазандағы Алматы уақытымен 00.00-дегі жағдай бойынша жасалды.
* * *
Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген жиналыстың күн тәртібі.
Резерв қаражаты мен меншікті капитал қаражатын бөлек есепке алуға көшу Әдістемесі туралы. Қор резервтерінің қаражатын және оның меншікті капиталының қаражатын бөлек есепке алуға көшу үшін есеп айырысудың басталу күнін белгілеу туралы.