"Kompetenz" сақтандыру компаниясының кредиторларына алғашқы кепілді төлемдер жүзеге асырылды

04.02.2020  18:00 UTC+5

2020 жылғы 16 қаңтарда" Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры "АҚ (бұдан әрі – Қор) мәжбүрлеп таратылатын "Kompetenz" сақтандыру компаниясы "АҚ (бұдан әрі – "Kompetenz" сақтандыру компаниясы) кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдағанын хабарлады.

2020 жылдың 31 қаңтарында, заңмен белгіленген мерзімде Қор "Kompetenz" сақтандыру компаниясының тоғыз кредиторына жалпы сомасы 6 583 950 теңгеге кепілдік төлемдерін жүзеге асырды.

Қор одан әрі "Kompetenz"сақтандыру компаниясының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыру туралы жаңалықтарды жариялайтын болады.

Кепілдік төлемдерін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру Ережесімен реттеледі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылдың 30 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген.

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz