"Kompetenz" сақтандыру компаниясының кредиторларына кепілдік төлемдер жүзеге асырылады

19.02.2020  12:30 UTC+5

2020 жылдың 18 ақпанда, заңда белгіленген мерзімде, Қор "Kompetenz" сақтандыру компаниясының қырық екі кредиторына жалпы сомасы 16 847 758 теңгеге кепілдік төлемдерін жүзеге асырды.

Кепілдік төлемдерін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру Ережесімен реттеледі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылдың 30 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген.

 

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz