"Kompetenz" сақтандыру компаниясының кредиторларына кепілдік төлемдер жүзеге асырылады
24.02.2020 10:40 UTC+5
2020 жылдың 21 ақпанда, заңда белгіленген мерзімде, Қор "Kompetenz" сақтандыру компаниясының он екі кредиторына жалпы сомасы 4 534 856 теңгеге кепілдік төлемдерін жүзеге асырды.
Кепілдік төлемдерін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру Ережесімен реттеледі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылдың 30 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген.