"Kompetenz" сақтандыру компаниясының кредиторларына кепілдік төлемдер жүзеге асырылады

16.03.2020  17:00 UTC+6

2020 жылдың 13 наурызында, заңда белгіленген мерзімде, Қор "Kompetenz" сақтандыру компаниясының он кредиторына жалпы сомасы 5 538 384 теңгеге кепілдік төлемдерін жүзеге асырды.

Кепілдік төлемдерін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру Ережесімен реттеледі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылдың 30 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген.

Қаз Рус
+7 727 393 2570 +7 727 393 2566
ipgf@ipgf.kz