Сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналардың, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің есептелген сомалары туралы ақпаратты ұсыну мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды

03.04.2020  17:00 UTC+5

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың Қорға ақпарат беру мерзімін 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады

Қазақстан Республикасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" заңының 19-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу туралы үлгі шарттың 31-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қорға беретін сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналардың, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің есептелген сомалары туралы ақпаратты Қорға ұсыну мерзімі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қорға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 27 наурызындағы № 03-3-08 / 176 хатының негізінде Қорға ақпарат ұсыну мерзімін 2020 жылдың 15 сәуірінен 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылғандығы туралы хабарлайды.

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz