"Kompetenz" сақтандыру компаниясының кредиторларына кепілдік төлемдер жүзеге асырылады
17.07.2020 17:00 UTC+5
2020 жылдың 17 шілдесінде, заңда белгіленген мерзімде, Қор "Kompetenz" сақтандыру компаниясының бір кредиторына 1 666 800 теңгеге кепілдік төлемін жүзеге асырды.
Кепілдік төлемдерін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру Ережесімен реттеледі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылдың 30 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген.