"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі
24.12.2020 17:40 UTC+5
2020 жылғы 24 желтоқсанда "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (Қор) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді, жиналыстың күн тәртібі бойынша шешім қабылданды.
Күн тәртібінде "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өкілі болып табылатын директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және босатылған лауазымға директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы" мәселе қаралды"
| 1. | Осы шешім қабылданған сәттен бастап "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өкілі болып табылатын Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Радченка О.С. өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. |
| 2. | Осы шешім қабылданған сәттен бастап Жубаниязова Жанар Адибековнаны "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарының өкілі болып табылатын Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын. |
| 3. | Осы шешімнің 2-тармағына сәйкес сайланған Қордың Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттік мерзімі 2022 жылы Қор акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы кезінде аяқталатыны анықталсын. |
Басқа жаңалықтар
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ: Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою
08.04.2026 17:38 UTC+5
Назар салыңыздар! «Европротокол» колл-орталығының техникалық жұмыстары туралы хабарлаймыз
31.03.2026 17:56 UTC+5
2026 жылғы 06 сәуірге өткізілуге белгіленген Қор акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдардың әзірлігі туралы
27.03.2026 15:37 UTC+5








