"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысын өткізу туралы
29.09.2021 09:00 UTC+5
Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28/7 мекенжайдағы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрі — Қор) Қордың Директорлар Кеңесінің шешіміне (2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 32 отырыс хаттамасы) сәйкес Қор акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі — жиналыс) өткізу туралы өз акционерлеріне хабарлайды.
Жиналыс 2021 жылдың 15 қарашасында алынған бюллетендегі дауыстарды санай отырып, "акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес Қор акционерлерінің сырттай дауыс беруі арқылы өткізіледі.
Жиналыста дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде Қор акционерлерінен 2021 жылғы 15 қарашада Алматы уақытымен 18.00-ге дейін алған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер ескерілетін болады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар Қор акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 30 қыркүйекте Алматы уақытымен 00.00 де жасалады.
* * *
Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Жиналыстың күн тәртібі
Қордың "Басқарма мүшелеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру Ережесі" ішкі құжатының күші жойылды деп тану туралы.
* * *
Қор Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар мен дауыс беруге арналған бюллетеньді өзінің әрбір акционеріне жеке жазбаша хабарлама арқылы электрондық пошта арқылы жіберіледі.