"Астық сақтандыру компаниясы" АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді
18.11.2021 16:20 UTC+5
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 10-тармағына сәйкес "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы ұйымның кредиторларына басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдердің жүзеге асырылғаны туралы хабарлама жариялауға міндетті.
2021 жылғы 12 қарашада Қор "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ (бұдан әрі – Компания) тарату комиссиясының хатын алды, оған Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 22 қыркүйектегі компанияны мәжбүрлеп тарату туралы шешімінің көшірмесі қоса берілді.
Компанияның тарату комиссиясының хатында жазылғандай:
• | аталған сот шешімі 2021 жылғы 28 қазанда заңды күшіне енді |
• | осы күні Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасынң орынбасарының № 342 бұйрығымен Компанияның тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері тағайындалды |
• | "Компанияның сақтандыру портфелін беру туралы келісімшарттарға сәйкес Компанияның барлық сақтандыру келісімшарттары "Мемлекеттік аннуитеттік компания" Өмірді сақтандыру компаниясы "АҚ-ға және "Jusan Garant"сақтандыру компаниясы" АҚ-ға берілді. Осыған байланысты, тарату комиссиясын тағайындау кезінде компанияда сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру шарттары жоқ" |
Баяндалғанға байланысты Қор осы хабарламамен компанияның кредиторларына компаниямен жасалған міндетті сақтандыру келісімшарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерін жүзеге асырмайтыны туралы хабарлайды, өйткені барлық осындай келісімшарттар бойынша міндеттемелер "Мемлекеттік аннуитеттік компания "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ға және "Jusan Garant "сақтандыру компаниясы" АҚ-ға берілді.
Компания кредиторларында сұрақтар туындаған жағдайда осы сұрақтармен компанияның тарату комиссиясына мына мекенжай бойынша хабарласу керек: Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 122/22, № 218 кеңсе; телефоны: +7 777 388 9902.