Қор жұмыскерлерін үй жағдайында және қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру туралы
05.01.2022 15:40 UTC+5
Алматы қаласында төтенше жағдай режимнің енгізілуіне байланысты "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) 2022 жылдың 05 қаңтарынан бастап өз кеңсесін жабады және Қор жұмыскерлерін үй жағдайында және қашықтан жұмыс тәртібіне көшіріледі.
Қор қызметкерлері өздерінің еңбек функцияларын электрондық поштаның мекен-жайы мен жеке ұялы телефондарын қолдана отырып жалғастырады.
Қормен байланыс үшін:
корпоративті ұялы телефон +7 701 766 3188
корпоративті электрондық пошатасы ipgf@ipgf.kz
Қор өзінің үздіксіз қызметін жалғастыру үшін бар күшін салады. Осыған қарамастан, Қордың бақылауына жатпайтын себептер бойынша электронды және ұялы байланыстың жұмысында ақаулар болуы мүмкін, сондықтан біз Қорға жүгінетін адамдардан жағдайды түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз.