"Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін 2021 жылға міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелері бекітілді және келісілді
25.03.2022 11:30 UTC+5
Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен (2022 жылғы 04 наурыздағы № 13 отырыс хаттамасы) "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары (бұдан әрі – ӨСК) үшін 2021 жылға міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелері бекітілді.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (4 бап, 1 тармақ, 7 тармақшасы) бекітілген мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – ҚРА) келісуге жіберілді. 2022 жылғы 24 наурыздағы хатымен ҚРА ӨСК үшін 2021 жылға міндетті жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелерін келісу туралы хабарлады.
ҚРА ставкалары мен хаттары осы жерде.
№ 387 Әдістеменің 7-тармағына сәйкес (2021 жылғы 23 маусымға дейін қолданыста болған редакцияда) міндетті жарналар "міндетті жарналардың мөлшерлемесі бекітілген күннен кейін" күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей ӨСК төленуге жатады. Жоғарыда көрсетілгендей, ӨСК үшін 2021 жылға міндетті жарналардың мөлшерлемелері 2022 жылғы 24 наурызда ҚРА-мен келісілгендіктен, ӨСК 2021 жылға міндетті жарналарды 2022 жылғы 08 сәуірге дейін (қоса алғанда) төлеуге тиіс.