Жаңа кепілдіктер: өмірді жинақтаушы сақтандыру енді Қордың қорғауында

25.07.2025  17:56 UTC+5

2025 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған заң сақтандыру нарығы үшін аса маңызды өзгерісті бекітеді — өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлері Қордың кепілдік жүйесіне ресми түрде енгізілді.

Бұл жай ғана заңнамаға енгізілген кезекті түзету емес. Бұл — әрбір азамат ұзақ мерзімді сақтандыру құралдарын таңдай отырып, өз болашағына сенімді болатын орнықты қаржылық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру – бұл жай ғана сақтандыру өнімі емес. Бұл – сенім. Бұл – болашақ алдындағы жауапкершілік. Бұл – балалардың білім алуына, лайықты зейнетке, қаржылық тәуелсіздікке бағытталған инвестиция. Осындай шешімдер отбасылық тұрақтылықтың негізін қалайды.

Енді бұл шешімдер мемлекеттік кепілдікпен бекітілген – ешбір ерекшеліктерсіз. 

Бұған дейін Қордың кепілдігі мынадай жағдайларға қолданылған:

  • міндетті сақтандыру түрлеріне;
  • Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) аясындағы шарттарға;
  • зейнетақы аннуитеті шарттарына.

Енді олардың қатарына азаматтар тарапынан ерікті түрде және ұзақ мерзімге жасалған өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлері де қосылды.

Бұл қандай мүмкіндіктер береді?

– Ұзақ мерзімді жинақтардың қорғалуын;
– Сақтандыру бағдарламаларының инвестициялық тартымдылығының артуын;
– Қаржы институттарына деген сенімнің нығаюын;
– Халықтың сақтандыру жүйесіне кеңінен тартылуын.


Қор сақтандырылған тұлғалардың мүдделерін қорғаудың негізгі институты — тұрақтылық пен сенімділіктің қаржылық кепілі ретінде дамуын жалғастыруда. 

Кепілдіктер жүйесі миллиондаған азаматтар үшін түсінікті, ашық және шын мәнінде маңызды бола түсуде.

Заң ресми жарияланған күннен кейін алпыс (60) күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
 

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz