Назар салыңыздар! «Европротокол» колл-орталығының техникалық жұмыстары туралы хабарлаймыз
31.03.2026 17:56 UTC+5
«Европротокол» колл-орталығының жұмысында уақытша іркілістер тіркелген, соның салдарынан пайдаланушылар 2570 нөміріне қоңырау шалуда қиындықтарға ұшырауы, сондай-ақ жауап күту уақытының ұлғаюы мүмкін.
Техникалық мамандар ақаулардың себептерін жою бойынша жұмыс істеп жатыр. Жақын арада сервис жұмысы толығымен қалпына келтіріледі деп күтілуде.
Колл-орталық келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.








