Басты бетКепілдік беру жүйесі

Кепілдік беру жүйесі

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар олардың мүдделері мен мүліктік құқықтарын мемлекет қорғайтынына сенімді болуға тиіс. Көптеген елдерде сақтандыруға деген сенімнің өсуін арттыру үшін сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесі бұрыннан да тиімді жұмыс істейді.

Кепілдік беру жүйесінің негізгі буыны Кепілдік беру қорлары болып табылады. Бұл институт төлем қабілеті жоқ сақтандыру компанияларына қарсы мәлімделген сақтандыру шағымдарын реттеуге кепілдік береді.

Көптеген елдерде мұндай қорға қатысу – сақтандыру компаниясының сақтандырудың белгілі бір түріне лицензия алуы үшін міндетті шарттар болып табылады. Әлемдік тәжірибеде кепілдік беру қорларын ұйымдастырудың екі үлгісі бар: сақтандырудың нақты түрін қамтитын мамандандырылған қорлар және сақтандырудың барлық шарттарына кепілдік беретін әмбебап қор. Мамандандырылған қор сақтандырудың жеке түрін қолдау және дамыту үшін құрылады. Әмбебап қордың мақсаты сақтанушыларға және өзге пайда алушыларға төлем жасауға кепілдік беру үшін жасалады. Кепілдік беру қорының активтері сақтандыру компанияларының жарналары есебінен қалыптастырылады. Кейбір жағдайларда қор активтерінің белгілі бір бөлігін мемлекет қалыптастыруға көмектеседі.

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz