БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ: "Еуропротокол" цифрлық сервисінің бір жылдық қызметінің қорытындысы
05.01.2025 14:45 UTC+5
Бір жыл бұрын Қазақстанда шағын жеңіл жол-көлік оиғаларын ресімдеу үшін инновациялық құрал — «Еуропротокол» іске қосылды. Осы кезеңде ол жол-көлік оқиғаларын шешу тәсілін өзгерту арқылы өзінің тиімділігі мен сұранысын дәлелдеді. Қарапайымдылық, жылдамдық және ыңғайлылық оны жүргізушілер үшін таптырмас көмекшіге айналдырды, ал жұмыстың бірінші жылының нәтижелері Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына (СТКБҚ) қол жеткізген айтарлықтай жетістіктер туралы айтады.
Цифрландыру: бір жылдың ішінде жеткен жетістіктері
«Еуропротокол»-дың іске қосылуы цифрландыру бағытындағы қадам ғана емес, автосақтандыру саласындағы нағыз революция болды. Бірінші жылы қосымша 56 мыңнан астам рет орнатылды, оның 33 мыңы iOS және 23 мыңы Android болды. Бұл технологияның Қазақстандық жүргізушілердің күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуының көрсеткіші.
Тіркелген 62,7 мың қолданушы - бұл жай ғана сан емес, бұл қосымшаға сенген мыңдаған адамдар. «Еуропротокол» жүргізушілерге ұзақ істерді қараудан, кезектерден және бюрократиялық кідірістерден құтылуға көмектесті.
Бір жыл ішінде «Еуропротокол» көмегімен 12 мыңнан астам сақтандыру жағдайы рәсімделуі бұл сервистің қаншалықты сұранысқа ие болғанының көрсеткіші. Ең жоғары көрсеткіштер ірі қалалар мен аймақтарда тіркелді:
- Шымкент – 1 639 жағдай;
- Ақтөбе облысы – 1 626 жағдай;
- Астана – 1 370 жағдай.
Жетісу мен Ұлытау сияқты салыстырмалы түрде шағын өңірлерде де «Еуропротокол» өз пайдаланушыларын тапты. Сервис мегаполистерде ғана емес, Қазақстанның шалғай бұрыштарында да қолжетімді бола отырып, бүкіл елді қамти алды.
«Еуропротокол» жұмысы сақтандыру компанияларының белсенді қатысуымен тікелей байланысты. 2024 жылы қосымша арқылы келесі компаниялар бойынша жол-көлік оқиғалары рәсімделді:
- "Jusan Garant" СК - 3 436 жағдай;
- "Евразия" СК - 2 268 жағдай;
- "Халық" СК - 2 190 жағдай;
- "Freedom Finance Insurance" СК — 1 239 жағдай;
- "Мұнай сақтандыру компаниясы" СК — 887 жағдай;
- Басқа компаниялар-2 067 жағдай.
Бұл нәтижелер сақтандыру компанияларының тұтынушыларға қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыра отырып, жаңа цифрлық қызметтерді енгізуге қалай қызығушылық танытатынын көрсетеді.
Статистика пайдаланушылар санының тұрақты өсу динамикасын көрсетеді. Егер 2024 жылдың қаңтарында «Еуропротокол» арқылы 435 жағдай тіркелген болса, желтоқсанда бұл көрсеткіш төрт есе ұлғайып, бір айда 1 921 жағдайға жетті.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (СТКБҚ) осы ауқымды бастаманың негізін қозғаушы болды. «Еуропротокол» іске қосу тек техникалық шешімдерді ғана емес, сонымен қатар заңнаманы бейімдеу және жаппай жүйемен жұмыс істеуді енгізу үшін жағдай жасау бойынша айтарлықтай жұмысты қажет етті.
Қорытындылар:
- Жүйені жетекші сақтандыру компанияларымен «Еуропротокол» жүйесін интеграциялау арқылы 12 мыңнан астам тез сақтандыру жағдайын ресімдеуге мүмкіндік берді.
- Барлық кезеңдерде call-орталық - 2570 арқылы тәулік бойы пайдаланушыларды қолдау жол-көлік оқиғаларын ресімдеу кезінде қиындықтарды болдырмауға көмектеседі.
- Бүкіл Қазақстан бойынша жүйеге қолжетімділікті кеңейту, барлық азаматтар үшін мүмкіндіктерді теңестірудегі маңызды қадам болды.
Жүйе адамдардың жол-көлік оқиғаларын рәсімдеу процесіне деген көзқарасын өзгертті. Жүргізушілер «Еуропротокол» туралы келесі пікірлерін білдірді:
- Уақытты үнемдейді – рәсімдеу процесі бірнеше минутта жүзеге асырылады.
- Процесті жеңілдетеді – полиция қызметкерлерін шақырудың қажеттілігі жойылды, жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік айыппұлдар жоқ.
- Төлемдерді жеделдетеді – сақтандыру компаниялары төлемдерді тез арада төлейді.
Қиындықтар мен перспективалар
«Еуропротокол» тек құрал ғана емес, сонымен қатар автосақтандырудағы цифрлық трансформацияның символына айналды.
СТКБҚ мұнымен тоқтамайды. Жоспарда функционалдарды кеңейту, мобильді қосымшаның жұмысын жақсарту және жүргізушілерге қосымша сервистермен толықтыру.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Баспасөз қызметінің байланыстары:
ipgf@ipgf.kz
+7 727 339 3188