2019 жылғы 05 қарашадағы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі

11.11.2019  10:00 UTC+5

2019 жылғы 05 қарашада "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (Қор) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда келесі шешім қабылданды (төменде).

Күн тәртібінің мәселесі бойынша "Резервтер қаражатын және меншікті капитал қаражатын бөлек есепке алу әдістемесі туралы. Қор резервтерінің қаражатын және оның меншікті капиталының қаражатын бөлек есепке алуға көшу үшін есеп айырысудың басталу күнін айқындау туралы"

1. 2018 жылғы 15 шілдеде ("Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі № 166-VI Заңы қолданысқа енгізілген күн) Қор резервтерінің қаражатын және оның меншікті капиталының қаражатын бөлек есепке алуға көшу үшін есеп айырысудың басталу күні ретінде белгіленсін.

2. Директорлар кеңесіне Қордың резервтік капиталын қалыптастыру және пайдалану ережелерін бекіту тапсырылсын, олар Қордың резервтік капиталындағы сақтандыру салаларына сәйкес келетін бөліктерді бөлуді көздеуі тиіс.

3. Директорлар кеңесіне Қор резервтерінің қаражатын және оның меншікті капиталының қаражатын бөлек есепке алу деректерін, сондай-ақ Қордың резервтік капиталының мөлшерін ескере отырып, Қор акцияларын орналастыру бағасын және Қор акцияларын сатып алу бағасын айқындау мақсатында жұмыстарды орындау тапсырылсын.

4. Осы Әдістеме бекітілген сәттен бастап қолданысқа енгізе отырып, резервтер қаражатын және меншікті капитал қаражатын бөлек есепке алуға көшу Әдістемесі бекітілсін. (Г. Р. Ешкееваның ескертулерін ескере отырып)
 

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz