"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2021 жылғы 02 қыркүйектегі шешімдері
03.09.2021 16:35 UTC+5
2021 жылғы 02 қыркүйекте "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (Қор) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылданды.
Күн тәртібінің 1-мәселесі бойынша "Қордың жарғысына № 2 өзгерістер мен толықтырулар туралы"
| 1. | Қордың жарғысына № 2 өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін. |
| 2. | Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Қордың жарғысына № 2 өзгерістер мен толықтырулар бекітілген сәттен бастап қолданысқа енгізілсін. |
| 3. | Қордың Басқарма төрағасы А.М. Жолдасбековке Қордың жарғысына № 2 өзгерістер мен толықтыруларға қол қоюға өкілеттігі берілсін. |
Күн тәртібінің 2-мәселесі бойынша"Қор Басқармасының құрамы туралы"
Қор Басқармасының құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
Басқа жаңалықтар
Назар салыңыздар! «Европротокол» колл-орталығының техникалық жұмыстары туралы хабарлаймыз
31.03.2026 17:56 UTC+5
2026 жылғы 06 сәуірге өткізілуге белгіленген Қор акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдардың әзірлігі туралы
27.03.2026 15:37 UTC+5
2026 жылғы 14 сәуірге тағайындалған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күнін ауыстыру туралы хабарлама
06.03.2026 14:21 UTC+5








