Міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелері, 2022 жылға арналған қосымша жарналардың абсолюттік мөлшері бекітілді және келісілді

25.03.2022  11:35 UTC+5

Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен (2022 жылғы 04 наурыздағы № 13 отырыс хаттамасы) міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелері, 2022 жылға арналған қосымша жарналардың абсолюттік мөлшері бекітілді.

"Қазақстан Республикасының заңында сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қоры" бекітілген мөлшерлемелер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – ҚРА) келісуге жіберілді. 2022 жылғы 24 наурыздағы хатпен ҚРА Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары төлеуге жататын міндетті жарналар мөлшерлемелері мен шартты міндеттемелерді, 2022 жылға арналған қосымша жарналардың абсолюттік мөлшерлерін келісу туралы хабарлады.

ҚРА ставкалары мен хаттары осы жерде.

№ 387 Әдістеменің 14 және 15 тармақтарына сәйкес (2021 жылғы 23 маусымнан бастап қолданыста болған редакцияда) міндетті жарналар олар төленетін күнтізбелік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.

Маңызды! "ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ" САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ ҮШІН 2021 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ ЖАРНАЛАР МЕН ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ ЖЕКЕ БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ КЕЛІСІЛДІ

Тиісті жаңалықтар осында орналастырылған.
 

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz