2023 жылдың 14 тамызында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына 20 жыл толды!

14.08.2023  15:59 UTC+5

Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілетсіздігін реттеуге қатыса отырып, Қор өз қызметінде кредиторларға 1,13 млрд теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізді, сол арқылы сақтандыру нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және халықтың сақтандыруға сенімін арттыруға ықпал етті.

Қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты адам анықталмаған жағдайларда жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мақсатында төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі қосымша функцияға ие болды.Қор өзінің толық қызмет ету кезеніңде 250 миллион теңгеден астам сомаға төлем жасады.

20 жылдық белесті еңсере отырып, Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін жетілдіруді жалғастыруда, оның ішінде Қор жұмысы ішкі сақтандыру нарығының толық тұрақтылығы мен тұрақтылығына ықпал ету үшін осы саладағы үздік халықаралық трендтер мен ұсынымдарды қолданады.

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz