2026 жылғы 06 сәуірге өткізілуге белгіленген Қор акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдардың әзірлігі туралы
27.03.2026 15:37 UTC+5
Осымен Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28/7 мекенжайында орналасқан «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) өзінің акционерлеріне 2026 жылғы 06 сәуірде Алматы уақытымен сағат 11.00-ден өткізуге белгіленген Қор акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдардың дайын екендігі туралы хабарлайды.
Көрсетілген материалдардың файлдары Қордың интернет-сайтында https://www.ipgf.kz/ жабық қолжетімділікте (Қор акционерінің жеке кабинетінде) орналастырылған және жүктеп алу үшін қол жетімді. Қор өзiнiң әрбiр акционерiне жеке тәртiппен аталған кабинетке кiру үшiн логин мен пароль жiберген.
Анықтама үшін телефон: +7 (727) 393 2570 (іш. 105).








