Төлем алуға арналған құжаттар

  1. еркін нысанда кепілдік төлеміне өтініш;
  2. сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
  3. көліктегі сақтандыру жағдайы туралы тасымалдаушы жасаған акті;
  4. жолаушыға билет берілген жағдайда - жол жүру билеті немесе оны алмастыратын құжат (билеттерді сату) ведомосының немесе билет түбіртегінің тасымалдаушы растаған көшірмесі) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ресімделген куә айғақтары;
  5. жәбірленушіге еңбекке уақытша қабілетсіздіктің мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мамандандырылған мекемелердің мүгедектік белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі - ол белгіленген жағдайда;
  6. жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі) - жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;
  7. жәбірленушінің жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің тізбесі - мүлікке зиян келтірілген жағдайда;
  8. сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар - олар болған кезде.
Қорға жүгіну
Біз сізге көмектесуге, кез-келген сұрақтарға жауап беруге қуаныштымыз.
 
* - міндетті жиек
English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz