Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралдарының барлық иелері азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

Көлік құралдарын міндетті сақтандыру ЖКО зардап шеккендерге сақтандыру компаниясы шарт талаптары мен заң талаптарына сәйкес төлейтін өмірге, денсаулыққа немесе мүлікке келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді.

"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі №446-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабына сәйкес, бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi(АЕК):

  • өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиян үшін – зиянның ауырлығына байланысты 500 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін;
  • бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – 600 АЕК дейін;
  • екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – әрқайсысы 600 АЕК-ке дейін, төлемдерді жалпы шектеу кезінде 2000 АЕК.

2025 ж. түзету коэффициенттері туралы мәліметтер

ЖКО жағдайында ресімдеудің жылдам әдісін қолданыңыз – Европротокол. Ол үшін апаттың екі қатысушысы Google play немесе App Store тегін мобильді қосымшаны жүктеп алуы керек.

     

Сақтандыру компаниялары
English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz