Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру
Әлеуметтік Кодекстің 1-бабының 72-тармағына сәйкес, зейнетақы аннуитеті – сақтанушы өзінің зейнетақы жинақтарының белгілі бір сомасын сақтандыру ұйымына беретін арнайы сақтандыру шарты. Шарт бойынша мұндай біржолғы төлем сақтандыру ұйымын белгілі бір шарттарға жеткен кезде сақтанушыға үнемі сақтандыру төлемдерін жасауға міндеттейді. Төлемдер өмір бойы немесе белгілі бір мерзім ішінде жүзеге асырылады.
Зейнетақы аннуитетінің тиімділігі – зейнетақыны зейнет жасына жетпей-ақ алу мүмкіндігі пайда болады. Ер адамдар үшін зейнетақыны ерте алу 55 жастан, ал әйелдер үшін — 53 жастан (2028 жылдан бастап — 53,5 жастан) мүмкін болады.

Сақтандыру компаниялары