Төлем алуға арналған құжаттар

1. еркін нысанда кепілдік төлеміне өтініш;

2. сақтандырылушының жеке басын куәландыратын құжатының немесе шекаралық бақылау-өткізу пунктінің Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткені туралы белгісі бар паспортының және (немесе) сақтандырылушының сақтандыру аумағында болуына негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;

  • сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, оның ішінде:

3. медициналық көмекке өтініш жасаған күні, сақтандырылушының медициналық көмекке өтініш жасаған кездегі денсаулық жағдайы, диагнозы, дәрігердің тағайындауы (рецепті) туралы, жүргізілген медициналық манипуляциялар және саны, күні мен құны бойынша бөліне отырып, берілген дәрілік заттар туралы мәліметтерді қамтитын, медициналық мекеменің және дәрігердің мекенжайы мен байланыс деректері көрсетілген медициналық құжаттар;

4. сомасы, валютасы, төлеу күні көрсетіле отырып, сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің ақысын төлеу фактісін растайтын құжаттар;

5. атауы, саны мен құны көрсетіле отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (тауар чектері, шот-фактуралар, ақы төлеу туралы квитанциялар және өзге де құжаттар);
жазатайым оқиға болған кезде – сақтандырылушының психикалық белсенді заттарды тұтыну фактісін және масаң күйін анықтау бойынша медициналық құжаттар;

6. жазатайым оқиға болған кезде – жазатайым оқиға фактісін және оның орын алу мән-жайын растайтын құқық қорғау, сот органдарының және өзге де құзыретті органдардың құжаттары;

7. сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда – қайтыс болу себебі көрсетіле отырып, қайтыс болғаны туралы куәлік, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы немесе патологиялық-анатомиялық ашып қарау хаттамасы;

8. уақытша болатын елде (жерде) мәжбүрлі түрде анағұрлым ұзақ мерзім болған кезде не сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан Қазақстан Республикасының аумағына мерзімінен бұрын оралған кезде – жол жүру құжаттарының (билеттер, отырғызу талондары) күшін жоюды немесе оларды ауыстыруды, қонақ үйде брондалған нөмірден, сондай-ақ шетелде болған мерзімнің пайдаланылмаған бөлігі үшін сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуды растайтын құжаттар;

9. сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын және (немесе) жақын туыстарын тасыған кезде – жол жүру құжаттары (билет, отырғызу талондары);

10. сақтандыру сертификатында немесе сақтандыру полисінде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша сақтандырушыға және ассистанс компанияға телефон соғудың, хабарлардың жүзеге асырылғанын растайтын құжаттар;

11. залалдарды болғызбау және азайту бойынша шаралар қабылдауға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;

12. пайда алушының жеке басын және құқықтарын растайтын құжаттар, қажет болған кезде.

 

Қорға жүгіну
Біз сізге көмектесуге, кез-келген сұрақтарға жауап беруге қуаныштымыз.
 
* - міндетті жиек
English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz