Басты бет2025 Сақтандыру форумы

2025 Сақтандыру форумы

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР

KIF 2025 - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Үкіметінің, сақтандыру компанияларының, қаржы нарығының басқа да қатысушыларының өкілдерін, сондай-ақ 25 елдің кепілдік беру жүйелерінің қорларын біріктіретін Қазақстанның сақтандыру қоғамдастығы мен халықаралық әріптестер үшін негізгі оқиға. Форум Қазақстанның сақтандыру секторын дамытудың, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйелерін қоса алғанда, реттеудің, сақтандыру өнімдерін цифрландыру мен жетілдірудің негізгі аспектілерін талқылауға арналған алаңға айналады.

2025 жылы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры IFIGS (the International Forum of Insurance Guarantee Schemes) төрағалық етеді, бұл Қазақстанның халықаралық сақтандыру жүйесіндегі маңызды рөлін атап көрсетеді. Осы орайда Қазақстан 12-ші Халықаралық конференцияны және IFIGS (12th International Conference and Annual General Meeting IFIGS) жылдық жалпы жиналысын өткізіп, кепілдік беру жүйесін дамытуды талқылау орталығына айналады.

ФОРУМНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

KIF 2025 сақтандыру нарығының негізгі тенденцияларын анықтауға бағытталған. Реттеушілік өзгерістерді және олардың сақтандыру секторының дамуын ынталандырудағы, медициналық сақтандыруды, автосақтандыруды және қатерлі аурулардан сақтандыруды қоса алғанда, сақтандыру өнімдерін жетілдірудегі рөлін талқылауға ерекше назар аударылады. Цифрлық технологияларды енгізу маңызды бағыт болады, бұл сақтандыру ұйымдары жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

ФОРУМНЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ

KIF 2025 сақтандыру нарығын дамытудың ең өзекті мәселелерін, оның ішінде оны реттеуді, цифрландыруды және инновациялық шешімдерді енгізуді қамтиды. Талқылаудың орталығында сақтандыру индустриясының перспективалары болады, ерекше назар медициналық сақтандыру мен қатерлі аурулардан сақтандыруды дамытуға аударылады.

Автосақтандыру тарифтік саясатты және қалпына келтіру жөндеуінің құнын бағалау әдістерін жетілдіру тұрғысынан қаралатын болады. Сондай-ақ, сақтанушыларды қорғауға және сақтандыру жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған кепілдік беру жүйесіне қатысты мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, форумда киберсақтандыру мен катастрофалық тәуекелдер мәселелері көтеріліп, қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен бизнесті және азаматтарды қорғаудың тиімді тетіктеріне ерекше назар аударылады.

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz