2020 жылға арналған міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелері бекітілді
08.04.2020 15:00 UTC+5
07 сәуірдегі 2020 жылы Қордың директорлар кеңесі шешімімен 2020 жылға арналған міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін бекітті
Мөлшерлемелер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттігіне келісуге жіберілді.
Жаңа мөлшерлемелердің ерекшеліктері келесідей болып табылады:
• |
осы кезеңде мөлшерлемелер Директорлар кеңесінің шешімімен (2019 жылғы 11 сәуірдегі № 4 отырыс хаттамасы) бекітілген 2019 жылға арналған міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің базалық мөлшерлемелері деңгейінде бекітілді және Директорлар кеңесі 2020 жылға арналған міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелерін бекіту туралы жаңа шешім қабылдағанға дейін қолданылады. |
|
• |
осы кезеңде Директорлар кеңесі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы – сақтандыру ұйымдары үшін 2020 жылға арналған міндетті жарналар мөлшерлемелердің жеке мөлшерін бекітпеді |
|
• |
Директорлар кеңесі Қор басқармасына сақтандыру ұйымдарының жинақталған ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелерін есептеудің жаңа формуласын әзірлеуді, сондай-ақ жаңа формулаға сәйкес 2020 жылға арналған міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелерінің жаңа есептемелерін орындауды тапсырды. Көрсетілген формулалар мен есеп айырысу нәтижелері 2020 жылдың екінші тоқсаны ішінде бекіту үшін Директорлар кеңесінің қарауына енгізілуі тиіс |
|
• |
Директорлар кеңесі 2020 жылға арналған міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін бекіту туралы жаңа шешім қабылдағаннан кейін, 2020 жылғы 07 сәуірде бекітілген 2020 жылға арналған міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелеріне сәйкес төленген жарналар мөлшерлері мен жаңадан бекітілген мөлшерлемелерге сәйкес төлеуге жататын жарналар мөлшерлері арасындағы ықтимал айырма сақтандыру ұйымдары тарапынан қосымша ақылар жолымен не бұрын төленген жарналарды есепке алу жолымен өтелуі тиіс жарналар ( мұндай оң немесе теріс айырманың болатындығына байланысты болады) |