Қор 2020 жылдың 17 шілдесінде негізгі көпшіліктің өтініштері бойынша "Kompetenz" сақтандыру компаниясының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыруды аяқтады

17.07.2020  18:00 UTC+5

Қор "Kompetenz" Сақтандыру Компаниясы" АҚ кредиторларына 2020 жылғы 15 қаңтардан бастап – "Kompetenz" Сақтандыру Компаниясы" АҚ-ның (Kompetenz) Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға кірісті.

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қор көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС), тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (ТЖА АҚЖ МС) және туристерді міндетті сақтандыру (ТМС) шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Kompetenz кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдады.

Бірінші төлемдер 2020 жылдың 31 қаңтарында, соңғы – 2020 жылдың 17 шілдесінде жүзеге асырылды. Осы кезең ішінде Қор жалпы сомасы 158 989 757,00 теңгеге 287 кепілдік төлемдерін жүзеге асырды.

КҚИ АҚЖ МС шарттары бойынша жалпы сомасы 158 930 462,00 теңгеге 286 кепілдік төлемдері жүзеге асырылды, оның ішінде:
 

  • жәбірленушінің көлік құралына зиян келтірілуіне байланысты – жалпы сомасы 114 937 601,00 теңге 260 оқиға бойынша
     
  • жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты – 26 жағдай бойынша (бірнеше өтініш негізінде, соның ішінде құрамдасқан) жалпы сомасы 43 992 861,00 теңге, оның ішінде:

жалпы сомасы 40 400 000,00 теңгеге өмірге зиян келтірудің (зардап шеккендердің қаза табуының) 16 жағдайы

3-ші топтағы мүгедектікті анықтауға әкеп соқтырған денсаулыққа зиян келтірудің бір жағдайы 1 389 000,00 теңге сомаға

мүгедектік белгіленбей мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулыққа өзге де зақым келтіруге әкеп соққан денсаулыққа зиян келтірудің бір жағдайы 83 061,00 теңге

жалпы сомасы 2 120 800,00 теңгеге жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеудің сегіз оқиғасы

ТЖА АҚЖ МС шарттары бойынша бір кредиторға мүгедектік белгіленбей мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулыққа өзге де зақым келтіруге әкеп соққан денсаулыққа зиян келтіру бір жағдайы бойынша 59 295,00 теңге сомаға кепілдік төлемі жүзеге асырылды

ТМС шарттары бойынша өтініштер болған жоқ.

Көрсетілген кезең ішінде Қор кепілдік төлемдерін жүзеге асырудан бас тарту туралы 68 шешім шығарды (тек КҚИ АҚЖ МС шарттары бойынша) жалпы сомасы 35 454 403,00 теңгеге.
 

  • жәбірленушінің көлік құралына зиян келтірілуіне байланысты – жалпы сомасы 16 983 629,00 теңгеге 59 бас тарту, оның ішінде:

жалпы сомасы 14 059 656,00 теңгеге 26 толық бас тарту (кредиторлардың үш өтініші бойынша сомасы көрсетілмеген)

жалпы сомасы 2 923 973,00 теңгеге 33 ішінара бас тарту
 

  • жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірумен байланысты – жалпы сомасы 18 470 774,00 теңгеге тоғыз бас тарту, оның ішінде:

жалпы сомасы 15 673 522,00 теңгеге алты толық бас тарту

жалпы сомасы 2 797 252,00 теңгеге өтініштер бойынша үш ішінара бас тарту
 

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz