Төлем алуға арналған құжаттар

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы:
 

  1. нысанда кепілдік төлемін жасауға өтініш;
  2. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы"» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-II Заңының 22-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда зиян мөлшерін анықтауға өтініш;
  3. сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
  4. жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
  5. жәбiрленушiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
  6. пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшiрмесi);
  7. пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
  8. ақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;
  9. пайда алушының банктік деректемелері туралы мәліметтер;
Қорға жүгіну
Біз сізге көмектесуге, кез-келген сұрақтарға жауап беруге қуаныштымыз.
 
* - міндетті жиек
English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz