"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ акционерлерге ұсыныс - басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатылатын жай акцияларды сатып алу

21.02.2020  16:00 UTC+5

Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры " АҚ (бұдан әрі – Қор), оның атқарушы органы (Басқарма) орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050042, Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7, өз акционерлеріне Қордың Директорлар кеңесі Қордың бұрын сатып алынған 15 341 дана жай акцияларын сату туралы шешім(2020 жылдың 20 ақпанындағы №3 отырыс хаттамасы)  қабылдағандығы туралы хабарлайды.

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қор өз акционерлеріне Қордың орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру мақсатында Қордың жай акцияларын сатып алуды ұсынады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 253 қаулысымен бекітілген акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру және одан бас тарту қағидаларының (бұдан әрі – № 253 ереже) нормаларын орындау үшін Қор өз акционерлеріне мынадай ақпаратты жеткізеді.

1.   Сатылатын бағалы қағаздардың саны мен түрі: 15 341 Қордың жай акциясы (бұдан әрі – акция).

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2019 жылғы 26 ақпандағы № 0002225.

ISIN акция – KZ1C00001643.

Акциялар шығарылымы проспектісінің көшірмесі Қордың интернет-ресурсында орналастырылған www.fgsv.kz.

2.    Қордың орналастырылған (Қор сатып алғандарын шегергенде) акциялары санының сатылатын бағалы қағаздар санына арақатынасы : 34 659 : 15 341 (2,26 : 1).

Көрсетілген арақатынасқа сәйкес Қор акционерінің Қордың акционеріне тиесілі 2,26 акциясына бір сатылатын акция есебінен оларды басымдықпен сатып алу құқығы бойынша өткізілетін акцияларды сатып алуға құқығы бар.

3.    "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын ескере отырып, бағалы қағаздарды төлеу мерзімін көрсете отырып, сатылатын бағалы қағаздарды сатып алу шарттары":

1) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы бар, қор акционерлерінің тізімін "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ 2020 жылдың 20 ақпандағы Алматы уақытымен 00.00-дегі жағдай бойынша қордың бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімінің деректері – Қордың Директорлар кеңесінің Қордың бұрын сатып алынған акцияларын сату туралы шешім қабылдаған күні негізінде жасады;

2) Қордың акционері осы ұсыныспен Қордың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде немесе осы ұсынысты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жариялаған күннен бастап, Қорға өзіне тиесілі акциялардың санына барабар акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы бойынша акцияларды сатып алуға өтінім (бұдан әрі осы тармақта – өтінім) беруге құқылы; 

3) өтінімге және оны беру тәртібіне қойылатын талаптар № 253 Ережелерде белгіленген;

4) басымдықпен сатып алу құқығы бойынша қор акционері сатып алатын акцияларды төлеуді, ол осы акционер мен Қор арасында жасалуға жататын акцияларды сатып алу-сату келісім-шартының талаптарын ескере отырып, өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады;

5) өтінім берген Қордың акционері осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген талаптарды бұзған жағдайда өтінім жарамсыз деп есептеледі;

6) Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес сатып алынатын акцияларды төлегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қор акционері "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ға осы акцияларды өзінің жеке шотына есептеу туралы бұйрық беруге міндетті.;

7) өтінімді нақты қанағаттандыру және сатылатын акцияларды өтінім берген Қор акционеріне беруді, Қор акционері осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындағаннан кейін екінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қормен жүзеге асырады.

8) акцияларды сатып алудың өзге шарттары № 253 Ережемен белгіленген.

4.    Сатылатын бағалы қағаздарды сату бағасы: 23 259,00 теңге.

5.    Қордың акционері сатылатын бағалы қағаздарды сатып алуға өтінім беретін почталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050042, Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7.

6.    Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша Қор акционерлерімен өзара іс – қимылды жүзеге асыратын тұлғалардың тегі, аты (бар болса – әкесінің аты), байланыс деректемелері: Чередниченко Елизавета Михайловна, Қордың корпоративтік хатшысы, телефоны 393 2570.

* * *

Егер Қордың акционері осы ұсынысқа сәйкес іске асырылатын акцияларды басымдықпен сатып алу  өз құқығынан бас тарту туралы шешім қабылдаса, ол осы ұсыныспен Қордың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап немесе осы ұсыныс қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қорға сатылатын акцияларды сатып алудан жазбаша бас тартуды беруі қажет.
№ 253 Ережеге сәйкес Қор акционерінің сатылатын акцияларды сатып алудан жазбаша бас тартуы мынадай мәліметтер келтірілуі тиіс:

басымдықпен сатып алу құқығына ие акционер, бағалы қағаздардың саны мен түрі
оларға қатысты Қордың акционері басымдықпен сатып алу құқығын іске асырудан бас тартқан, бағалы қағаздардың саны мен түрі

Қор акционерінің атауы және орналасқан жері, оның бірінші басшысының, не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қор акционерінің мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаның қолы
 

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 248 0631 +7 727 393 2570
ipgf@ipgf.kz