"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ-ның Инвесторларға сатылатын жай акцияларды сатып алу туралы ұсынысы
26.03.2020 12:44 UTC+5
Осымен "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор), оның атқарушы органы (Басқарма) орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050042, Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7, Қордың акцияларын сатып алуға міндетті немесе құқығы бар тұлғаларға, Қордың Директорлар кеңесі бір акция үшін 23 259,00 теңге сату бағасы бойынша 15 341 акция көлемінде Қордың сатып алынған жай акцияларын жаңалау туралы шешім (2020 жылдың 20 ақпандағы №3 отырыс хаттамасы) қабылдағандығы туралы хабарлайды.
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 21 ақпандағы Заңының 16-бабына сәйкес Қор өз акционерлеріне Қордың орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру мақсатында Қордың жай акцияларын сатып алуды ұсынды.2020 жылғы 22 наурызда қор акционерлері осы құқықты пайдалануға құқылы болатын мерзім өтіп кетті. Аталған күнгі жағдай бойынша Қор акционерлері осы құқыққа сәйкес қордың 88 акциясын сатып алды.
Аталған шешімді орындау үшін Қор, Қордың акцияларын сатып алуға міндетті немесе құқығы бар тұлғаларға Қор акцияларын сатудың мынадай шарттарын жеткізеді.
1. Сатылатын бағалы қағаздардың саны мен түрі: Қордың 15 253 жай акциялары (бұдан әрі – акциялар).
Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2019 жылғы 26 ақпандағы № 0002225.
ISIN акциялар – KZ1C00001643.
Акциялар шығарылымы проспектісінің көшірмесі Қордың интернет-ресурсында орналастырылған www.fgsv.kz.
2. Сатылатын бағалы қағаздарды сатып алу шарттары:
1) акцияларды сатып алуға құқығы бар тұлғалар:
- Қор акционерлері, оның ішінде олардың "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы 3-тармағының талаптарын сақтау мақсатында";
- Қордың акционерлері болуға міндетті сақтандыру ұйымдары;
- Қордың акционерлері болғысы келетін және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес осыған құқығы бар басқа тұлғалар";
2) жүзеге асыру тәсілі – ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жүргізілетін жазылу арқылы;
3) акцияларды сатып алғысы келетін тұлға, Қордың осы ұсыныспен жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қорға акцияларды сатып алуға жазбаша өтініш (бұдан әрі осы тармақта – өтініш) беруге құқылы;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 198 қаулысымен бекітілген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидаларына сәйкес өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
– заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
– жарғыны салыстыру үшін түпнұсқамен бір мезгілде не жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Қордың өтініштерді қабылдау тәртібіне қойылатын ерекше талап – Қор алған өтініш оны алған күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеледі;
6) өтініштерді қарау мерзімі– осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген оларды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні;
7) өтініштерді қанағаттандыру – Қор алған өтініштер қор бұрын алған өтініштен бастап кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады (осы өтініштерді осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес тіркеу мәліметтеріне сәйкес);
8) өтініш берген адамдарды өтініштерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы хабардар ету – осы тармақтың 6) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде осы тұлғаларға тиісті хабарламалармен жазбаша хабарламалар жіберу арқылы;
9) өтініш қанағаттандырылған тұлғаның акцияларды төлеуі – Қор акцияларын сатып алу-сату шартының ұсыныстарына сәйкес, бірақ осы тұлға осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес Қор жіберген хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей;
10) осы тармақтың 9) тармақшасына сәйкес сатып алынатын акцияларды төлегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш қанағаттандырылған тұлға "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ға осы акцияларды өзінің жеке шотына есептеу туралы бұйрық беруге міндетті;
11) өтінішті нақты қанағаттандыру және сатылған акцияларды берілген өтініш қанағаттандырылған тұлғаға беру осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарды Қордың осы тұлғасы орындағаннан кейін екінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қор жүзеге асырады.
3. Сатылатын бағалы қағаздарды сату бағасы: 23 259,00 теңге.
4. Қордың акционері сатылатын бағалы қағаздарды сатып алуға өтінім беретін почталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050042, Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7.
5. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша Қор акционерлерімен өзара іс – қимылды жүзеге асыратын тұлғалардың тегі, аты (бар болса – әкесінің аты), байланыс деректемелері: Чередниченко Елизавета Михайловна, Қордың корпоративтік хатшысы, телефоны +7 (727) 393 2570 (ішкі. 105), +7 701 787 7113, email: elizavetach@fgsv.kz, chlisa85@gmail.com.