2021 жылға арналған міндетті жарналары және шартты міндеттемелері, қосымша жарналардың абсолюттік мөлшерлерінің көлемдері бекітілді және келісілді

01.04.2021  19:15 UTC+5

Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен (2021 жылғы 03 наурыздағы № 4 отырыс хаттамасы) келесі құжаттар бекітілді:

"Міндетті жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелерін, қосымша жарналардың абсолюттік мөлшерлерін есептеу қағидалары" Қордың жаңа ішкі құжаты
 2021 жылға арналған міндетті жарналары және шартты міндеттемелері, қосымша жарналардың абсолюттік мөлшері

Аталған құжаттардың алғашқысы бекітілген сәттен бастап енгізілген.

Аталған құжаттардың екіншісі "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (4-бап, 1-тармақ, 7) тармақша) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі–ҚРА) келісуге жіберілді.2021 жылғы 30 наурыздағы хатымен ҚРА Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары төлеуге жататын міндетті және шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін, 2021 жылға арналған қосымша жарналардың абсолюттік мөлшерлерін келісу туралы хабарлады.

Аталған құжаттардың файлдары осында.

МАҢЫЗДЫ! МІНДЕТТІ ЖАРНАЛАРДЫ АЛУ ҮШІН ҚОР ПАЙДАЛАНАТЫН БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕР ӨЗГЕРДІ!

ҚРА Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 28 қаулысымен Қордың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне түзетулер енгізілді.Қаулы 2021 жылғы 18 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді. Осы түзетулерге сәйкес міндетті және қосымша жарналарды төлеу бұрынғыдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі емес, екінші деңгейдегі банктердегі Қордың банк шоттарына жүзеге асырылуға тиіс.

Аталған қаулыға сәйкес міндетті және қосымша жарналар сомасын аудару қажет Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін Қордың банктік шоттары "Қазақстан Халық жинақ банкі"АҚ-да ашылды. Қордың көрсетілген шоттарының деректемелері 2021 жылға арналған міндетті және шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерімен, қосымша жарналардың абсолюттік мөлшерлерімен бірге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушыларына ұсынылған.
 

English Қазақ Русский
Еуропротоколдың байланыс орталығы – ✆ 2570 +7 727 339 3188 +7 727 390 2570
ipgf@ipgf.kz