/ ЖАҢАРТЫЛҒАН / Қор Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі қызметіне үміткерлерді таңдайды
24.06.2021 09:00 UTC+5
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ Басқарма мүшесі,
Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына үміткерге қойылатын
біліктілік талаптары
| 1. | Қаржы, математика, экономика салаларының бір немесе бірнеше пәндері бойынша жоғары білімінің болуы. |
| 2. | Мінсіз іскерлік беделі. |
| 3. | Қазақстан Республикасының заңнамасында қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі. Қаржы ұйымдарындағы басшы лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде үш жыл, сақтандыру ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады. |
| 4. | Инвестициялық қызметтегі, оның ішінде ұлттық және халықаралық бағалы қағаздар нарығындағы жұмыс тәжірибесі (қалаулы). |
| 5. | Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын терең білу. |
| 6. | Тәуекел менеджерінің жұмысына білікті жетекшілік ету үшін жеткілікті тәуекел менеджментінің негіздерін білу. |
| 7. | Сақтандыру саласындағы актуарлық есептеулер негіздерін білу*. |
| 8. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білу (қалаулы). |
| 9. | Қор қызметіне нақты үлес қосу мүмкіндігі және осы қызметте жоғары нәтижеге жету үшін жұмыс істеуге деген ұмтылыс. |
| 10. | Қор ұжымында жұмыс істей білу, құрылған немесе белгіленген тәртіп ережелерін бұзбау. |
* Қор үміткердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген актуарийлерді оқытудың минималды міндетті бағдарламасы бойынша курстардың кемінде жартысына қатысқанын кандидаттың маңызды артықшылығы ретінде қарастырады. Мұндай тыңдау фактісі үміткердің Қорға ұсынған құжаттармен расталуы тиіс.
Түйіндемені ipgf@ipgf.kz мекен-жайына жазбамен жіберіңіз (Басқарма төрағасы орынбасарының түйіндемесі)
Анықтама үшін телефон: +7 (727) 393 2570
Басқа жаңалықтар
Назар салыңыздар! «Европротокол» колл-орталығының техникалық жұмыстары туралы хабарлаймыз
31.03.2026 17:56 UTC+5
2026 жылғы 06 сәуірге өткізілуге белгіленген Қор акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдардың әзірлігі туралы
27.03.2026 15:37 UTC+5
2026 жылғы 14 сәуірге тағайындалған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күнін ауыстыру туралы хабарлама
06.03.2026 14:21 UTC+5








