Міндетті жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелерін, қосымша жарналардың абсолюттік мөлшерлерін есептеу қағидаларына № 2 түзетулер бекітілді
05.03.2022 11:45 UTC+5
2022 жылғы 04 наурызда Қордың Директорлар кеңесі "міндетті жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелерін, қосымша жарналардың абсолюттік мөлшерлерін есептеу қағидаларының" ішкі құжатына № 2 өзгеріс бекітілген сәттен бастап қолданысқа енгізді.
Өзгерістер Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың қаржылық жай-күйін "сақтандыру ұйымының жиынтық сақтандыру портфеліндегі және жалпы нарықтағы міндетті сақтандырудың кепілдік берілетін түрінің үлесі" 3-көрсеткішіне қатысты болады. Көрсетілген көрсеткіштің келтірілген мәндерін айқындау кезіндегі өзгерістерге сәйкес жалпы сақтандыру сыйақыларының көлемінен сақтандыру шарттарын бұзу шығыстары шегеріледі.
Қордың "міндетті жарналар мен шартты міндеттемелер мөлшерлемелерін, қосымша жарналардың абсолюттік мөлшерлерін есептеу қағидалары" ішкі құжатының жаңартылған файлы осы жерде орналасқан.