Басты бетКепілдік беру жүйесіТасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша кепілдік төлеміТөлем алуға арналған құжаттар
Төлем алуға арналған құжаттар
- еркін нысанда кепілдік төлеміне өтініш;
- сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
- көліктегі сақтандыру жағдайы туралы тасымалдаушы жасаған акті;
- жолаушыға билет берілген жағдайда - жол жүру билеті немесе оны алмастыратын құжат (билеттерді сату) ведомосының немесе билет түбіртегінің тасымалдаушы растаған көшірмесі) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ресімделген куә айғақтары;
- жәбірленушіге еңбекке уақытша қабілетсіздіктің мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мамандандырылған мекемелердің мүгедектік белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі - ол белгіленген жағдайда;
- жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі) - жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;
- жәбірленушінің жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің тізбесі - мүлікке зиян келтірілген жағдайда;
- сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар - олар болған кезде.
Қорға жүгіну
Біз сізге көмектесуге, кез-келген сұрақтарға жауап беруге қуаныштымыз.
* - міндетті жиек