Қор кепілдіктері
Қор:
1) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үзіліссіздігі мен уақтылығын;
2) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруі мүмкін болмаған кезде және заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеген не ұзартқан (қайта куәландырған) жағдайда жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.